Аймақтар • 03 Ақпан, 2021

Наурызбай ауданының медицина қызметкерлеріне толықтай екпе салынды

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

№36 қалалық емхана қызметкерлері ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырғандардың ең алғашқысы екенін айта кеткен жөн. Емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген атап өткендей, жалпы Наурызбай ауданы бойынша 4 емхананың 160 медицина қызметкеріне екпе салынды.

Наурызбай ауданының медицина қызметкерлеріне толықтай екпе салынды

«Оның ішінде, біздің емханымыздан 84 қызметкер бар. Барлық медицина қызметкерлері өз еркімен вакцина алу туралы өтініш берді. Егу алар алдында барлық қызметкерлер дәрігердің тексерісінен өтті. Екпе алу алдында барлық қызметкерлер дәрігердің тексерісінен өтеді. Мұнда дене қызуы температурасы өлшенеді, эпидемиологиялық сыртартқысы (анамнезі) қаралады, уытты заттарға деген әсері, жүрек соғысының жиілігі және т.б. Егер де дене қызуы температурасы 37° С-дан асқан жағдайда вакцина салынбайды. Бір тұты 5 адамға саналған. Екпеден соң қызметкерлер жарты сағаттың ішінде арнайы қарастырылған кабинетте әріптестердің бақылауында болады. Қазіргі таңда, екпе алғандардың жай-күйі жақсы, ешқандай жанама әсер берген емес»- деп айтты Гүлжайнат Тілеген. 10 адам соматикалық аурулар анықталған себепті медициналық тұрғыда наразылық алды. Бұл адамдар үшін вакцинация толық қалпына келгенге дейін 2-4 аптаға кейінге қалдырылады.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ақпараты бойынша, ақпан айында тізімде көрсетілгендей 2050 адам вакцина алуы тиіс. олардың ішінде, ең алдымен иммундаудан жұқпалы аурулар ауруханасының жұмыскерлері, жедел медициналық жәрдем, жан сақтау, медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК), қабылдау бөлімшесінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері өтеді. Екінші сатыда вакцинамен жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының, бірінші сатыға кірмеген медициналық қызмет жұмыскерлерін қамтиды. Үшінші сатыға мектеп-интернаттың, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурумен ауратын адамдар, әлеуметтік-медициналық мекеме жұмыскерлері жатады.

 

АЛМАТЫ