Аймақтар • 03 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда кафелер мен мейрамханалар түн ортасына дейін жұмыс істейді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, тұрғын үйлерден тыс орналасқан кафелер мен мейрамханалар сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істей алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда кафелер мен мейрамханалар түн ортасына дейін жұмыс істейді

Тұрғын үйлерде орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері сағат 22:00-ге дейін, ал демалыс күндері 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«Қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, үй-жай ішінде 30 отыратын орыннан аспайтын орын толтыру бойынша шарттарды сақтай отырып, көрші үстелдермен арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын отырғызуды сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық - профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Жұмыс және демалыс күндері кестесі сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін белгіленген. Ал тұрғын үйлерде орналасқан тамақтану нысандарының кестесі жұмыс күндері сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін белгіленді. Көрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін келушілердің ғимарат ішінде болуына тыйым салынады», делінген 2 ақпанда жарияланған қаулыда.

Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.