Әу баста бұл жарыс Ресейдің Түмен қаласында өтеді деп жоспарланған. Алайда допинг дауы туындағаннан кейін Халықаралық биатлон федерациясы айтулы доданы Словенияда ұйымдастыруды жөн көрді. Поклюкағы жарыстың толық кестесі мынадай:
10 ақпан – аралас эстафета, 12 ақпан – 10 шақырымдық спринт (ерлер), 13 ақпан –7,5 шақырымдық спринт (әйелдер), 14 ақпан - 12,5 шақырымдық із кесу жарысы (ерлер), 14 ақпан – 10 шақырымдық із кесу жарысы (әйелдер), 16 ақпан – 15 шақырымдық жекелей сын (әйелдер), 17 ақпан – 20 шақырымдық жекелей сын (ерлер),18 ақпан – аралас эстафета (супермикст), 20 ақпан – эстафета (әйелдер мен ерлер), 21 ақпан – 12,5 шақырымдық масс-старт (әйелдер) және 21 ақпан – 15 шақырымдық масс-старт (ерлер).
Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы әлем чемпионаты Италияның Антхольц-Антерсельва қаласында өткен еді. Сол жарыстың жалпы командалық есебінде Норвегия құрамасы көш бастады. Олар 11 (6 алтын+3 күміс+2 қола) жүлдегеге иелік етті. Екінші және үшінші орындарда – Франция (3+2+3) мен Италия (2+2+0).