Спорт • 03 Ақпан, 2021

«Барыс» «Металлургтен» ұтылды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Магнитогорскіде «Металлургке» қарсы өткізген «Барыс» бұл жолы да өз жанкүйерлерін қуанта алмады.

«Барыс» «Металлургтен» ұтылды

Алғашқы кезеңде қос команда бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады. Тек үзілістен кейін ғана жағдай өзгеріп, «Барыстың» ойыншылары есеп ашты. 23 минутта Алекс Линтуниемиден әдемі пасынан кейін Кирилл Панюков нысананы дәл көздеді. Десек те одан кейін «Металлургтің» хоккейшілері ойын тізгінін қолдарына алып, үш мәрте мергендік танытты. Атап айтсақ, 31 минутта Андрей Нестаршил таразы басын теңестірсе, 46 минутта Михаил Пашнин екінші голдың авторы атанды. Ал 54 минутта Николай Голдобин кездесудің соңғы нүктесін қойды. Есеп – 3:1.

Өзінің келесі кездесуін «Барыс» 5 ақпанда Новосібірдің «Сибирь» клубына қарсы өткізеді. Арада тағы екі күн өткеннен соң қайта Магнитогорскіге сарап шегіп, «Металлургпен» күш сынасамыз.