Оқиға • 04 Ақпан, 2021

Алпыс жасқа толар еді...

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көзі тірі болғанда КСРО-ның даңқты ба­луаны, еркін күрестің хас шебері Аслан Хадарцев бүгін 60 жасқа толар еді.

Алпыс жасқа толар еді...

Аслан Хазбиұлы 1961 жылдың 4 ақпанында Солтүстік Осетияның Алагир ауданының Суадаг қаласында дүниеге келді. Сол жақ­та жүріп, еркін күреспен шұғылданды. Шебер­лігі толыса келе КСРО құрамасы сапына қабылданып, көптеген биік белестерді бағын­дырды. Атап айтсақ, 100 және 130 кило салмақ дәрежелерінде күш сынасып, үш дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы, төрт дүркін Әлем кубогының иегері, Достық және Ізгі ниет ойындарының жеңімпазы атанды. 1990 жылдың көктемінде Хадарцев жол апатынан қаза тапты. Ол небәрі 29 жаста еді...

Асланның туған інісі де даңқты балуа­н. 56 жастағы Махарбек Хадарцев кезінде Сеул мен Барселонада бас жүлдені олжаласа, Атлантада күміс медальді мойнына ілді. Әлем және Еуропа чемпионаттарын бес реттен ұтты. Әр жылдары ол Владикавказ қала­сының мэрі, Ресейдің Мемлекеттің Дума­сының депутаты болды.