Өкінішке қарай, Михаил Кукушкин үшінші кезеңге шыға алмады. Тұсаукесер кездесуінде аргентиналық Хуан-Игнасио Лондеродан басым түскен жерлесіміз келесі айналымда Стэн Вавринкамен күш сынасты. 35 жастағы Швейцарияның өкілі қазіргі кезде АТР рейтингінде 18 орынды иеленуде. Кезінде ол АҚШ пен Аустралияның ашық біріншілігінде және Ролан Гарроста топ жарған. АТР турнирлерінде 16 мәрте бас жүлдені олжалаған. Осы табыстарының арқасында үздіктер тізімінде үшінші сатыға дейін көтерілді. Әрине, қазақстандық теннисші ондай табыстарымен мақтана алмайды. Айтқандай-ақ, 1 сағат 58 минутке созылған бұл тартыс 4:6, 6:3, 6:1 есебімен Вавринканың пайдасына шешілді.
Сондай-ақ жасыл құрлықта өтіп жатқан дүбірлі додада Александр Бублик, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева сынды отандастарымыз бақ сынауда.