04 Ақпан, 2021

«Парасат жолы» іске қосылды

1346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен «Парасат жолы» жобасының таныстырылымы өтті.

«Парасат жолы» іске қосылды

Агенттік төрағасы Алик Шпек­баев, Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұлова жә­не қоғам қайраткерлері мен дін өкілдері қатысқан салта­натты іс-ша­рада екі мемле­кет­тік орган арасын­дағы өзара ын­ты­мақтастық тура­лы меморандумға қол қойыл­ды.

Құжаттың басты көздегені – Ұлттық академиялық кітапхана ба­засында ашылған «Парасат жо­лы» орталықтары арқылы пара­сат­тылық идеологиясын ілгері­лету болып табылады. Жаңа­дан іске қосылған жоба адалдық пен парасаттылықты, ізгі­лік пен даналықты, әділдік пен қам­қор­лықты дәріптеп, сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруге бағытталған. Сон­дай-ақ мәдениет, әдебиет және ру­ханиятты негізге ала отырып, ке­лелі әңгімелер арқылы қоғам­да парасаттылық идеология­сын қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінбекші.

Ел астанасында 8 қаңтарда ашыл­ған «Парасат жолы» орталы­ғы­ның өңірлік бөлімшелері қазіргі таңда Қазақстанның барлық об­лыс­тық, қалалық және аудандық кітап­ханаларында, Алматы және Шым­кент қалаларында іске қо­сылған.

Елордалық тәжірибені ай­мақ­­тарға тарату мақсатында жұ­мыс­тарын бастаған өңірлік орта­­лық­тар қоғам мен өскелең ұрпақ­ты мә­­де­ни, рухани ағарту және тәр­­бие­­леу ошақтары болып табылады.

Ғылыми, шығармашылық интеллигенция және дін өкілдерімен тізе қосып, қоғамда парасаттылық ұғымын сіңіруді мақсат тұтқан «Парасат жолы» орталықтары зиялы қауым, мемлекеттік және қоғам­дық ұйымдар өкілдері мен жас­тар үшін ашық диалог алаң­ына айналғаны анық. Себебі осы алаңда тікелей эфир ар­қылы көпшілікке жол тартқан «Жұ­мадағы жүздесу» жобасы әлеу­меттік желі пайдаланушылардың оң пікіріне ие болып отыр.

Ауқымды жобаға өз үлестерін қосуға ниет танытқан іс-шараға қатысушылар «Парасат жолы» орталықтарының игі бастамалар мен жарқын істердің ұйытқысы болатынына сенім білдірді.

 

Бану ӘДІЛЖАН,

«Egemen Qazaqstan»