Спорт • 04 Ақпан, 2021

Бублик пен Путинцева жеңіске жетті

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Юлия Путинцева үшін Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнир сәтті басталды.

Бублик пен Путинцева жеңіске жетті

Александр Бублик тұсаукесер кездесуінде корт қожайыны Кристофер О'Коннелмен күш сынасып, аса шиеленісті өткен бәсекеде 7:6, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді ол италиялық Стефано Травальямен шеберлік байқасады.

 

Юлия Путинцева алғашқы айналымда испаниялық Хеорхина Гарсия Переске қарсы ойнады. Бұл тартыс 7:6, 6:4 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді. Десек те Путинцеваның келесі қарсыласы тым азулы. Кезінде әлемдік рейтингте көш бастаған Виктория Азаренко Аустралияның ашық біріншілігін екі рет ұтып, үш мәрте US open турнирінің финалында ойнаған. Уимблдон мен Ролан Гарроста екі рет жартылай финалға дейін жетті. Беларусь елінің өкілі қазіргі кезде WTA рейтингінде 13 орынды иеленуде.

Ал бүгін Елена Рыбакина кортта чехиялық Барбора Крейчиковамен айқасады.