Қоғам • 04 Ақпан, 2021

БЖЗҚ Қазақстандықтардың шотына 112,3 млрд-тан астам теңге аударды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 1 және 2 ақпанда БЖЗҚ салымшылардың уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарына 112,3 миллиард теңгеден астам қаржы аударды. Осылайша «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚ уәкілетті операторларынан БЗТ алу бойынша келіп түскен 20 252 өтінім орындалды, деп хабарлайды БЖЗҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

БЖЗҚ Қазақстандықтардың шотына 112,3 млрд-тан астам теңге аударды

Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асыру, оларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары 2021 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді.

Қағидаларға сәйкес, жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Азаматтардың өтінім беруге және зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерін уәкілетті оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қарайды және БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру талап етілмейді.