Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Алматы маңында жер сілкінді

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 4 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 10 сағат 12 минут 52 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы маңында жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 577 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.8. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 25 шақырым. Жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді.

Аида ОРАЛБЕК