Қысқы спорт • 05 Ақпан, 2021

Апеннин түбегіндегі айқас

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 65 жыл бұрын, яғни 1956 жылдың 5 ақпанында Италияның Кортина д'Ампеццо қаласында VII қысқы Олимпия ойындарының алауы сөнген еді.

Апеннин түбегіндегі айқас

Айтулы жарыста 32 мемлекеттен келген 821 спортшы бақ сынады. Олар сегіз спорт түрі бойынша 24 жүлде жиынтығын сарапқа салды. КСРО құрамасы қысқы Олимпиадаға тұңғыш рет қатысып отырғанына қарамастан жалпы командалық есепте көш бастады. Одақтың оғыландары 16 жүлдеге (7 алтын+3 күміс+6 қола) қол жеткізді. Екінші орынды Аустрия (4+3+4) еншілесе, үшінші сатыға Финляндия (3+3+1) табан тіреді. Сондай-ақ, Швейцария (3+2+1) мен Швеция (2+4+4) үздік бестікті қортындылады. Барлығы 10 елдің ғана өрендеріне жүлделі орындар бұйырды. Жекелеген спортшылар арасынан швециялық шаңғышы Сикстен Ернберг пен аустриялық тау шаңғышы Тони Зайлерді бөле-жара атауға болады. Алғашқысы төрт рет жеңіс тұғырына көтерілсе, екіншісі үш бірдей бас жүлдені қанжығасына байлады.

Апеннин түбегінде өткен байрақты бәсекеде 11 дүркін КСРО чемпионы және 21 дүркін жүлдегері деген атағы бар қазақстандық Александра Артёменко өнер көрсетті. Тау шаңғысын серік еткен жерлесіміз Олимпия ойындарында 14 орынды қанағат тұтты.