Тәттімбет – жұмбақ, күрделі тұлға. Күйшілік өнердің шыңына шыққан, соңына қырық шақты өлмес мұра қалдырған, қазақтың музыка тарихына есімі қашап жазылған бірегей өнер иесі туралы сәл ертеректе жазушы Таласбек Әсемқұловтың «Тәттімбет сері» дейтін романының біраз бөлігін оқып шыққам. Ол жерде болыс Тәттімбеттің белсенді әрекеттері, аға сұлтан Құнанбаймен байланысы, оның атынан қазақтың соңғы ханы Кенесарыға елшілікке баруы, ел ішіндегі даулы мәселелерді шешуге араласуы, думанды жастық шағы, күйшілік өнерімен елдің ықыласына бөленуі бәрі нанымды суреттелген.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Қысқа қайырғанда, Тәттімбет белсенді, айдынды, өнерлі, сегіз қырлы, бір сырлы қалыпта бейнеленеді. Жақында ғана жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Сары жайлау» деген әңгімесін оқып, мүлде басқа Тәттімбетпен кездестім.
Бұл – көресісін көрген, белгісіз дертке тап болған, жер ортасына келген, оқшау тірлікке жаны байлаулы, жалғыздыққа бейіл жұмбақ Тәттімбет. Ол көрген қызықтың бәрі – өткен шақтың еншісінде. Сонда Тәттімбеттің жасы қырық төртте ғана. Қазіргі өлшеммен қарасақ, Тәттімбет той-думанның ортасында жүретін жаста. Қырықты «оқтаулы жігіт», «қылыш жігіт» дейтін ежелгі қазақы танымға салсақ та, жер ортасы деуге әлі ерте жас. Бірақ автор Тәттімбеттің биологиялық емес, психологиялық жасына мән беріп, оның ащы-тұщы өмір сабақтарын, естеліктерін, сол кездегі көңіл ауанын суреттей келе, дәулескер күйшінің қымыз ішіп, қызара бөртпейтінін, майлы ас жемейтінін, басының ауыратынын жазады. Осы арқылы жазушы оқырманға дара дарын иесінің ғұмыры ұзақ болмағанын тұспалдайды. Шынында да Тәттімбет – елуге де келмей, ерте үзілген дарын.
Солайша Тәкеннің Тәттімбеті болашаққа қадам жасамайды, жалғыз өзі ой бағып, домбырамен сырласудан ләззат алады. Ауылдастары сыртынан күңкілдей бастайды. «Кедейленген кісі тыраш келеді. Ешкімді менсінбейді» дейді бірі, «олай емес, күй шығару үшін оңашаланады» депті екіншісі. Көптің Тәттімбетте жұмысы болғанымен, Тәттімбеттің ешкімде жұмысы жоқ. Оның сол халін жазушы шеберлікпен баяндап отырады. Автордың қисынына салсақ, күйшінің жалғыз мұраты өмір бойы жанына серік болып келе жатқан күйді баптау сияқты. Өмірінің көбі кетіп, азы қалған күйшінің күйден басқа жұбанышының да, жақынының да жоқ екенін жазушы үй іші, бала-шағасы туралы бірде-бір сөз айтпау арқылы білдіреді.
Тәттімбеттің өмірінде ең қымбат екі нәрсе бар. Бірі – Сары қызға деген жүрек түкпіріндегі махаббаты. Екіншісі – Сарыжайлау. Өмірінің сары жазында Тәттімбет Сары қызды кездестірген. Аңсары ауған, қолы жетпеген. Тәттімбеттің «Былқылдақ» күйіне кейіпкер болған муза қыз оның ойында, жүрегінде мәңгі өмір сүретінін білмеген де болуы мүмкін. Бұл ару «Тәттімбет сері» романында Ақсұңқар аталады. Тәттімбеттің нәзік, сезімтал, сыршыл табиғатын бейнелеу үшін қаламгерлер оның шынайы өмірдегі махаббат дастанын біраз зерттегені байқалады. Үлкен өнердің тамыры әрдайым махаббатқа жалғанып тұрады. Тәттімбеттің әйел затына деген шынайы сезімінің құдіретін жазушы Тәкен Әлімқұлов өзінше өрнектейді. Тіршіліктен, өткінші өмірден көңіл суытқан күйшінің көңіліндегі Сары қыз бейнесі өшкен емес. «Тәттімбет үшін Сарыжайлаудың ыстықтық қадірі жүрекке жылы. Қиялға тәтті, ләззатты күндер Сарыжайлауда өткен. Жер көктемде түлейді. Ел жазда түлейді. Сары жаздың сәні шалғайлы жайлау болса, сол жайлауда қымызға мас боп асыр салған бозбастардың ішінде Тәттімбет те өмір сүрген. Салт атты сайлап жарысып, бірде аударысып, шарапсыз шала мас күйінде құйындатып барып, дәмелі қызын алдына мінгізіп, екеу-екеуден ән шырқайтын кездер Сарыжайлауда қалған», дейді Әлімқұлов. Осы арқылы жазушы шынайы махаббаттың алаңсыз, қамсыз, кірлеп үлгермеген жүрекке ұя салып, терең із қалдыратынын жеткізеді.
Ал Сарыжайлаудың қымбат болатын себебі, «шеңберсіз Сарыарқада көшпелі ел олай ауытқып, былай ауытқып, ала жаздай қоныс жаңартумен болғанда тек шаншарлар мен төрелер ғана жапсарласып, сол Жосалы баурайындағы шұрайлы Сарыжайлауды айналдыра беруші еді». Яғни ол – шаншар руынан шыққан күйшінің ата қонысы. Мыңғырған тұяққа суық күзге дейін төтеп беретін бетегесі мен селеуі қалың өскен шүйгін жайлауда Тәттімбет бай баласы боп бой бағып, Сарыарқаның дертке шипа саумал ауасын керіле жұтып, қымыз бен етке мелдектей тойып, жасынан өнер қуып ерте желіккен. Ата қоныстың қадірі одан айырылғанда ерекше білінеді. Сарыжайлаудан айрылуына да Сары қыз себеп. Қыз – төре руынан. Ал ақсүйектік намыс үшін кіжінген төрелердің иықтылары Тәттімбет ауылымен шабындыққа таласып, ымырасыз жауығады. Оның соңы Тәттімбет ауылының Сарыжайлауды тастап кетуіне әкеледі. Адамдардың сол жауыздығы да күйшінің күйігін асқындырады. Міне, қырықтың төртеуіне келген, жан дерті тән дертіне ұласқан күйші жұбанышты өнерден тауып, бір кездері адамдардың қысастығынан кетіп қалуға мәжбүр болған Сарыарқаға мәңгілік ескерткіш орнатпақ. Ол ештеңенің де, ешкімнің де мәңгілік емес екенін біледі. Бұлардан Сарыарқаны тартып алған Құспек төре де мәңгілік емес.
«Күйші домбыра саңлақты сабалап, ашындырып алды да, жаңа бір әуезге көшті. Әуелі сағалық үстіңгі перне мен астыңғы пернені алма-кезек толғап, толғанып отырды да, сәлден кейін күйді бастап та кетті. Тың күй: «Ла-ла-ла-ла-ла-ла-лай, ла-ла-лай» боп қайыра басталып, барған сайын шалқып, сыңсып, тереңдеп, шымырлап, Тәттімбеттің ішкі сарайын түгел жайлап алды. Сол кеште «Сарыжайлау» күйі туды», дейді жазушы. Жазушы Тәкен Әлімқұлов нәзік те сыршыл жанына өнерді серік еткен Тәттімбет бейнесін жұмбақ әрі биік қалыпта сомдап, ұсақ-түйек пендешіліктің ғұмыры қысқа болғанымен, адымы ұзын әрі талантты жұтып жіберетін сиқыры бар екенін көркем, шұрайлы тілмен баяндау арқылы ұқтырады.
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • 16 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • 16 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам өлім аузынан қалды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • 16 Сәуір, 2021
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • 16 Сәуір, 2021
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • 16 Сәуір, 2021
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • 16 Сәуір, 2021
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова
Руханият • 16 Сәуір, 2021
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • 16 Сәуір, 2021
«Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі – Дархан Қыдырәлі
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі қалай жаңартылды?
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Елімізде гемофилиямен ауыратын науқастардың саны артып барады
Медицина • 16 Сәуір, 2021
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар