Футбол • 05 Ақпан, 2021

Премьер-лигаға оралған «Атырау» командасын кім жаттықтырады?

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Арам Восканян жаттықтырған «Атырау» футбол клубы бірінші лиганың үздігі атанып, Премьер-лигаға қайта оралған еді. Енді бұл команданы кім жаттықтырады?  

Премьер-лигаға оралған «Атырау» командасын кім жаттықтырады?

«Жақында атыраулық футбол клубының басшылары Арам Восканянмен жасалған келісім-шартты ұзартты. Бас бапкер алдағы маусымда команданы жаттықтыруды жалғастырады. Қазір негізінен жергілікті ойыншылардан құралған команда Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынын өткізуде» деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Ал Арам Восканян деген кім еді? Ол бұрын «Бананц», «Арарат», «Пюник», «Мика» (Армения), «Локомотив», «Балтика» (Ресей), «Локомотив» (Өзбекстан) клубтарының құрамында жасыл алаңға шықты. Ал, 2004-2008 жылдары «Есиль-Богатырь» (Петровавл) футбол клубында өнер көрсетіп, 137 ойында 41 гол соқты.

Ол бас бапкер ретінде танымал болды. Мәселен ол жаттықтырған «Мика» командасы  2012 жылы, ал «Бананц» клубы 2018 жылы Арменияның Суперкубогін жеңіп алды. Сондай-ақ «Бананц» командасы мұның алдында, яғни 2016 жылы Армения кубогінің иегері атаныпты.