Коронавирус • 06 Ақпан, 2021

COVID-19 жұқтырған 271 адамның жағдайы ауыр

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 200 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

COVID-19 жұқтырған 271 адамның жағдайы ауыр

«27 200 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 21 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 271 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.