Кездесуде әскери бөлімдегі сыбайлас жемқорлық ықтималдығын барынша азайту үшін қабылданған,жоспарланған шаралар туралы баяндалды. Әскердегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға арналған бірқатар бейнероликтер көрсетілді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы Қанат Сүлейменов командирлерді күнделікті қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды одан әрі жетілдіруге, бақылауды күшейтуге шақырды.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдайтын комиссия құрамы құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлеріне ұсынысын берді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық дерегін анықтау мақсатында жеке құрам арасында тамақтанудың сапасы, әскери тәртіпті бұзу дерегі жөнінде жасырын сауалнама жүргізу тәжірибесін жалғастыруға шешім қабылданды» деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының аға офицері, капитан Қанат Жапаров.