«Атырау қаласына таяу орналасқан Қайыршақты округінің тұрғыны, 1991 жылы туған Наурыз Әйтекешов 5 ақпанда кешкі мезгілде үйінен шығып кеткен. Оны 5 ақпанда бір үйде тұратын тұрғындар іздеген. Алайда, 30 жастағы жігітәлі табылған жоқ» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жоғалған жігітті іздестіруге 6 ақпанда сағат 18:25-тен бастап төтенше жағдайлар департаментінен 16 қызметкер, 7 техника, 2 кинологиялық есеп, ал облыстық полиция департаментінен 10 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.