Қазақстан • 08 Ақпан, 2021

Студенттердің журналистік материалдар байқауы мәресіне жетті

483 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қашықтан оқу күнделікті өмірімізге өзгерістер әкелді. Әр білім алушы осы жолда ізденістер мен сынақтардан өтті.  Студенттер мен магистранттардың қашықтан білім алудағы ойлары мен дағдыларын бөлісу үшін «Онлайн креатив: бастысы маңызды» халықаралық студенттік журналистік материалдар байқауы мәресіне жетіп, үздік жұмыстар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Студенттердің журналистік материалдар байқауы мәресіне жетті

Байқауға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз жəне электронды БАҚ кафедрасының  қазақ, орыс және ағылшын бөлімдері, сондай-ақ Вьетнам, Қытай, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан елдерінің журналистика бағдарламасының студенттері мен магистранттары қатысты.

Үздік жұмыстардың топтамасы жинақ ретінде баспаға ұсынылды. Жүлделі І орын иегерлері болып Мария Лаврищева, Мария Матрунина, «Жас толқын» тобы танылса, ІІ орын Ши Чэнсяо, Ахунбай Айғаным, Цзяо Хунюнь Бекберген Әміржан, Виктория Чевган, Әсел Аукешева есімді  белсенді студенттерімізге бұйырды.  Мұрат Қымбат, Ақниет Қажымұрат, Бербаева Айгелия, Фан Нгок Май, Анастасия Кшнякина Камиля Садыкова, Снежана Толкачева, Диляра Яхьярова, Әсем Агыбаева жүлделі ІІІ орын сатысынан көрінді. Байқауда үздік жұмыстарымен танылған  Мейрбек Баян, Ауғали Мерей, Мұқанғали Ақерке, Тоқан Мадияр, Тілеуқабыл Аяулым, Кушалиева Тамирис, Әміров Ақжол, Чжан Цянь, Анелжан Көрікбай ынталандыру иегерлері атанды.     

Жеңімпаздар байқаудан алған әсерлерімен бөлісті. Солардың бірі, Вьетнам елінен қатысушы студент – Фан Нгок Май «Байқау маған университеттегі бірінші курстың алғашқы семестрін ойша таразылауыма, қашықтықтан білім алудың не екенін түсінуге мүмкіндік берді.  Журналистік материалдар сайысы мені жаңалықтарға көбірек қызығуға, уақыт белдеулерінен шығуға, эпидемияны жеңуге, журналистикадағы шығармашылықтың  бәсекелестігін сезінуге мүмкіндік берді» деген ойымен бөліссе, қытайлық Цзяо Хунюньның айтуынша журналистік материалдардың байқауы оқшауланған кезде нақты  немен айналысуға мүмкіндік берді.

Білімді алудан басқа, ең маңыздысы, отбасымен өткізетін уақыты мол болған. Байқауда ресейлік студенттер де бағын сынады. Солардың бірі Алтай мемлекеттік университеті журналистика факультетінің 2-курс студенті, ІІІ орын иегері Настя Кшнякина: «Соңғы кезде түрлі байқауларға қатысу студенттік өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Мен байқау туралы аяқталуына жақын қалған  сәтте білдім. Айтар ойымды тез жинап, қашықтан оқу туралы өз ойымды ортаға салдым. Менің ойымша, бұл жас журналистерге алғашқы еңбектерін жазуға жол ашты, танымал болудың баспалдағы іспетті. Ең бастысы, идея болса» деген ойын ортаға салды.

Алтай университетінің студенті Мария Лаврищева өзінің пандемия жағдайындағы  білім алу практикасын бөлісті.

«Мен ол кезде Мәускеуде досыммен бірге білім беру сайтында редактор едім. Біз де басқа универсиеттер сияқты қашықтан оқуға көштік. Алғашында біз  қашықтан оқуды түсіне қоймадық. Тобымызда қашықтан оқуды қолдағандар да,  қарсылық танытқандар да болды. Дегенмен, біз қандай жағдайда болмасын  оқудың қажетігін түсіндік», деді өз сөзінде. Ал Ж.Баласағын атындағы Қырғыз мемлекеттік университетін журналистика факультетінің 1-курс студенті Бербаева Айгелия: «Он ай қашықтан оқу кезінде күнде алдыма мақсат қойдым.  Онсыз менің білімге деген құштарлығым жоғалар еді. Таңертең жолға кететін уақыттың орнына  спортпен айналысуға, кітап оқуға, шет тілін үйренуге  уақыт таптым.  Біз өмірдегі ең басты сабақты – денсаулық сабағын үйрендік», деп атап өтті.