Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы бойынша биылғы жыл балалар әдебиетін қолдау жылы болып жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Балалар әдебиеті бізге терең өмірлік тәжірибе беріп қана қоймай, жас ұрпақ бойындағы парасатқа дүниетанымдық құштарлық, шындыққа сүйіспеншілік, ақиқатқа іңкәрлік сезімдерін оятып, адамгершілікке тәрбиелейді, келешегіне жол ашып, бағыт сілтейді.
Бұрындары жас ұрпақты біріктірген М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі болса, қазіргі ақпараттық технологиялар заманында мазмұнды, тәрбиелік құрал бола алатын кітап таңдау қиын. Отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыру да қазіргі көкейкесті мәселелердің бірі.
Осы орайда, «Фолиант» баспасы 2020-2021 жылдары жарық көрген балалар әдебиетінің үздік шығармаларының топтамасын дайындады. Олардың арасында А. Гриннің «Алқызыл желкендер. Хикаят. Толқын перісі», М. Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері/ Гекльберри Финнің басынан кешкендері», «Қазақ халық ертегілері», В. А. Обручевтің «Жұмбақ жер», А. Линдгреннің «Ұзыншұлық Пиппи», Дж.Свифттің «Гулливердің саяхаттары», Т. Көзікоғлудың «Арман керек адамға», Эрих Распенің «Мюнхгаузеннің хикаялары», Баянғали Әлімжановтың «Әліппе», Әлия Беркімбаеваның «Дәуіт атайдың ертегілері» туындылары бар. Сондай-ақ, бұл әлемдік классика туындылары алғаш рет қазақ тіліне аударылып, қазақтілді оқырманға ұсынылып отырғандығын атап өту керек.
А.Гриннің «Алқызыл желкендер. Хикаят. Толқын перісі» кітабы. «Алқызыл желкендер» романы – махаббат жайлы сырлы да нәзік поэма. Туынды махаббат пен үміттің, үлкен армандар мен батыл қадамдардың символы. «Толқын перісі» Александр Гриннің танымал шығармаларының бірі. Толқын бетімен жүре алатын ғажайып қабілетке ие әдемі қыз Фрези Грант туралы романды оқи отырып, арманшыл Томас Гарвеймен бірге «Толқын перісімен» және «Сүңгуірмен» саяхат жасаңыз.
Дж.Свифт «Гулливердің саяхаттары» кітабы. 1726 жылы, «Робинзон Крузодан» кейін арада бар-жоғы жеті жыл өткен кезде, абырой-даңқы Дефо шығармасынан кем түспейтін осы «Гулливердің саяхаттары» өмірге келген еді. Мұнда әуелде оташы, кейіннен бірталай кемеге капитан болған Гулливердің дүниенің түкпіріндегі бірнеше елге жасаған қызықты саяхаттары баяндалады. Бұл шығарма – бір жағынан әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар жайындағы өткір мазмұнды роман-памфлет.
М. Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» кітабы. Бұл классикалық туындыда Том Сойердің басынан кешкен қызықты оқиғалары суреттеледі. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы. Кейіпкерлер және олардың өмірі, дүниетанымы арқылы сол кездегі, яғни ХVШ ғасырдағы АҚШ-тағы шағын қалашық тұрғындарының күнделікті жұмыс тіршілігі, қарапайым адамдардың, діни қызметкерлердің психологиясы, болмысы, түсінігі суреттеледі.
В. А. Обручевтің «Жұмбақ жер» кітабы. Арктиканың ақшулан мұздары арасында беймәлім аралдар болуы мүмкін деген жорамалға көптеген зерттеушілер таяу күндерге дейін сеніп келді. Белгілі орыс геологы, академик В. А. Обручев өз романына осы жорамалды негіз етіп, «Санников жері» деп аталатын аралды іздеп табуға аттанған экспедицияның басынан кешкендерін қызықтыра суреттейді. Кітапта осынау жұмбақ жердің табиғаты, оны мекендейтін адамдардың тіршілік тынысы айшықты бейнеленген. Көркем қиял танымдық қасиеті мол мәліметтермен шебер үйлесім тапқан.
Эрих Распенің «Мюнхгаузеннің хикаялары» кітабы. «Фолиант» баспасының тапсырысымен жарық көретін туынды әлем әдебиетінің алтын қорына енген шығармалардың бірі болып табылады. Туындыны қолдануға тиімді, барынша ыңғайлы, қазіргі заман талабына сай ерекше дизайнда ұсыну мақсатта бірнеше маман жұмылдырылды. ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген неміс жазушысы Эрих Распе өзінің ғажайып әңгімелерін Мюнхгаузен деген әзілкеш адамның басынан кешкен оқиғалары негізінде жазып шыққан.
А.Линдгреннің «Ұзыншұлық Пиппи» хикаялары. Әлемге әйгілі балалар жазушысы Астрид Линдгреннің аталмыш еңбегі Швецияда «Балақай және шатырда тұратын Карлсон» кітабынан әлдеқайда танымал екенін біреу білсе, біреу біле бермес. Қаламгердің Карин атты қызы ауырып қалғанда, әр кеш сайын көңілін аулау мақсатында шығарған әңгімесі кейіннен қызықты хикаятқа айналды. Айтқанға көнбейтін баланың психологиясын негізге ала отырып жазылған шығарма бұл күнге дейін әлемнің 80-ге жуық тіліне аударылған. Қазақ тіліне алғаш рет ағылшын тілінен аударылып отырған «Ұзыншұлық Пиппи» қазақ тілінде кітап оқитын оқырман қауымның да әдебиет пен кітапқа деген құрметін еселендіреді деп үміттенеміз.
«Қазақ халық ертегілері» жинағы. Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауы- сарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері – ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.
Белгілі балалар жазушысы Әлия Беркімбаеваның «Дәуіт атайдың ертегілері». Дәуіт атайдың ертегілеріндегі кейіпкерлердің соғыстан кейінгі қиын-қыстау замандағы ауыртпалыққа қарамастан, жүректеріндегі рух-жігерді, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін жоғалтпай, нағыз дос, қайырымды адам болып қалуы жүрекке жылу ұялатады. Талай уақыт бойы нан көрмей, қақаған қыстың аязына төтеп берген ұл-қыздар бізге қарапайым заттардың қадірін бағалай білуді үйретеді. «Дәуіт атайдың ертегілері» - кішіні де, үлкенді де баурап алатын сиқырлы ғажайып ертегілермен үйлесім тапқан терең, мағыналы да мәнді туынды. Авторы – белгілі балалар жазушысы Әлия Беркімбаева.
Т. Көзікоғлудың «Арман керек адамға» еңбегі. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, арман адамды қанаттандырады, алға жетелейді, ынталандырады, күш сыйлайды. Жолыңа өз сәулесін шашып, биік мақсаттарға жетелейді, өмірден өзіңді табуға көмектеседі. Біздің кейіпкеріміз Синанның да өз арманы болатын. Ол бала кезінен суретші болуды армандайтын. Алайда қолына қылқаламын алып, енді отыра бергенде бір іс дайын тұратын. Сөйтіп, сүйікті ісіне қанша көңіл бөлгісі келгенімен, уақыт өте берді, өте берді. Күндердің күнінде газеттегі хабарландыруды көзі шалып, жүрек түбіндегі арманы қайта оянды.
Белгілі ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, кинорежиссер, әдебиет пен өнер зерттеушісі Баянғали Әлімжановтың «Өлең-Әліппе» жинағы. «Өлең-Әліппе» жинағын ата-аналар мен мұғалімдер ризашылықпен қабылдап, бүлдіршіндерге түсінікті, жеңіл әрі қызықты, мазмұнды дүниелер ретінде жоғары бағаға ие болады деген сенімдеміз.
Жақын арада баспадан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Николай Носовтың «Дымбілместің Айға сапары», Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» шығармалары жарық көреді. Әдебиеттің қызметі саналы, өзіндік дүниетанымы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу болса, бұл кітаптар еліміздің рухани саласына қосар үлесіміз деп білеміз.
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • 16 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • 16 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам өлім аузынан қалды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • 16 Сәуір, 2021
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • 16 Сәуір, 2021
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • 16 Сәуір, 2021
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • 16 Сәуір, 2021
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова
Руханият • 16 Сәуір, 2021
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • 16 Сәуір, 2021
«Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі – Дархан Қыдырәлі
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі қалай жаңартылды?
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Елімізде гемофилиямен ауыратын науқастардың саны артып барады
Медицина • 16 Сәуір, 2021
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар