Әлем • 08 Ақпан, 2021

Эбола вирусы қайта өршіп тұр

1693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конго Демократиялық Республикасының Солтүстік Киву провинциясында Эбола ауруының жаңа симптомы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Эбола вирусы қайта өршіп тұр

Инфекция 1 ақпанда Солтүстік Киву провинциясындағы Бутембо округінің Бьена ауданында анықталды. Эбола белгілері бар әйел ауруханаға барып, сынама тапсырады. Нәтижесінде, вирусты жұқтырғаны анықталды. Алайда әйел 3 ақпанда қайтыс болды.

Ресми деректер көздерінде ауданға арнайы мамандар бригадасы жіберілген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) тиісті қызметтеріне де хабардар етілді. Әзірге Бьен аймағында инфекцияның басқа жағдайлары туралы мәлімет жоқ.

Екі ай бұрын ауру ошағы Орталық Африкада болған.

Айта кетейік, Эбола вирусының алғашқы жағдайы Конго Республикасында 1976 жылы тіркелген. Ал  2014-2016 жылдары Батыс Африкада індет күрт өршіп, салдарынан көптеген адам қайтыс болған еді.