«Іс-шараның мақсаты – Атырау облысының аумағында қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, жеткізу арналарын анықтау. Сондай-ақ, қарудың сақталуын, тіркелуін, қайта тіркелуін тексеру. Тек үш күнде 2000-нан астам азаматтық қару иелері тексерілді. Нәтижесінде, 100-ге жуық тұрғынның қаруды сақтау, тіркеу, тасымалдау ережелерін бұзғаны анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың үйінде сақталған қаруы тәркіленді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ал заңсыз айналымнан бес қару анықталып, баллистикалық сараптама тағайындалып отыр.