Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

Қызылорда облысында 5 832 түлек ақылы ұлттық тестілеу тапсырды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында қаңтар айындағы ақылы ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталып, нәтижесі белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысында 5 832 түлек ақылы ұлттық тестілеу тапсырды

Аймақта биыл 7002 оқушы 11-сыныпты аяқтайды. Оның 5832-і, яғни оқушылардың 83 пайызы ақылы ұлттық бірыңғай тест тапсырды. Қорытынды бойынша 409 түлек 100 балдан жоғары ұпай жинады. Қазалы ауданының №226 мектеп оқушысы ең жоғарғы 133 балл иеленді.

Ақылы тест 10 күн ұйымдастырылып, 8 тестілеу пунктінде өтті. Оқушылар карантин талабына сәйкес 5 сатыдан тұратын дезинфекциялық тексерістен өткен. Тест барысында дене қызу көтерілген оқушылар анықталмады.

Айта кетейік, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу электронды форматқа ауысады. Яғни түлектер наурыз-маусым аралығында ұлттық тест тапсырып, мемлекеттік грант алуға мүмкіндік алады.

Түлектер 100 күн ішінде компьютерлік тестілеу орталығына барып, ұлттық тестке қатысу құқығына ие болады. Яғни оқушы ұлттық тестті тапсыратын күнді өзі таңдап, ұлттық тестілеу орталығына өтінішті өзі қалдырып, сынаққа кіре алады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25