Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Атырауда балабақша қызметкерлерінің жалақысы неге кешіктірілді?

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен селекторлық жиында 117 балабақшаның қызметкерлеріне жалақы төлеу кешіктірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда балабақша қызметкерлерінің жалақысы неге кешіктірілді?

Жиынға Атырау қаласы мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Бақытгүл Хаменованың айтуынша, өңірде биылдан бастап облыстық Білім басқармасы мен білім бөлімдері облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

«Кейбір балабақшалар мен қосымша білім беру мекемелерінен басқасы тиісті еңбекақысын алды. Қазір облыста 149 балабақша бар. Оның ішінде мектепке дейінгі 117 мекеменің қызметкерлеріне құжаттардың кешеуілдеуінен жалақы кешіктірілді. Сондай-ақ, 17 қосымша білім беру ұйымының ішінен 4 мекеменің қызметкерлеріне еңбекақы төленді» деді облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Толғанай Көлбаева.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова осыған байланысты тиісті басшыларға білім беру мекемелеріндегі еңбекақының кешіктірілу себебін анықтауды, мәселені жедел шешуді тапсырды.

«Мұғалім мен дәрігер қай кезде де қоғам дамуының жетекші күші саналды. Олардың артында еңбекақыға қарап отырған тұтас жанұя бар. Отбасы, адам тағдырын ойласақ, жалақыны кешіктіру, бермеу деген мәселе туындамауы керек. Сондықтан, аталған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын кешіктірмей, ақпан айының 10-ына дейін беру керек. Бұдан былай ақпан, наурыз айларының еңбекақысы әр айдың 25-інде уақытылы төленіп отырады. Оны өзім қадағалайтын боламын» деді Бақытгүл Хаменова.