Спорт • 09 Ақпан, 2021

Рыбакина ұтты, Кукушкин мен Шведова ұтылды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігіне қатысқан Қазақстанның алты теннисшісінің екеуі тұсаукесер кездесулерінде сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Рыбакина ұтты, Кукушкин мен Шведова ұтылды

Бұған дейін біз Зарина Диастың Тамара Зиданшектен және Александр Бубликтің Альяж Беденеден басым түскені жайында жазғанбыз. Олардың екеуі де Словенияның өкілдері. Көп кешікпей Елена Рыбакина кортқа шықты. Ол кезінде әлемнің екінші ракеткасы атанып, АҚШ-тың ашық біріншілігі мен Уимблдонның финалында ойнаған Вера Звонареванамен кездесті. Сондай-ақ, ресейлік теннисшінің Олимпия ойындарының қола жүлдегері және US open турнирінің жұптық сайыстағы жеңімпазы деген атақтары тағы бар. Бірақ әйгілі қарсыласынан еш қаймықпаған жерлесіміз бұл бәсекеде 4:6, 6:4, 6:4 есебі тіркелді.

Ал Михаил Кукушкин мен Ярослава Шведова алғашқы айналымнан аса алмады. Кукушкин әлемнің үшінші ракеткасы, аустриялық Диминик Тимге жолы берді – 6:7, 2:6, 3:6. Шведова италиялық Камила Джорджиден жеңілді – 3:6, 3:6.

Екінші кезеңде жерлестеріміз мына ойыншылармен шеберлік байқасады: Елена Рыбакина – Фиона Ферро (Италия), Зарина Диас – Бернарда Пера (АҚШ) және Александр Бублик – Душан Лайович (Сербия). Ал санаулы минуттардан кейін Юлия Путинцева мен америкалық Слоан Стивенс кортқа шығады.