Спорт • 09 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда «Qazaqstan Hockey Open-2021» турнирі өтеді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден «Qazaqstan Hockey Open-2021» деп аталатын халықаралық турнирдің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда «Qazaqstan Hockey Open-2021» турнирі өтеді

Айтулы додада еліміздің бас командасы мынадай құрамда өнер көрсетеді:

Қақпашылар – Хенрик Карлссон («Барыс»), Никита Бояркин («Сарыарқа»), Андрей Шутов («Торпедо»), Владимир Крамарь («Номад»).

Қорғаушылар – Джесси Блэкер, Самат Данияр, Даррен Диц, Валерий Орехов, Алексей Маклюков, Егор Шалапов, Никита Клещенко («Барыс»), Әділ Бекетаев («Торпедо»), Александр Писарев («Сарыарқа»), Иван Степаненко («Бейбарыс»), Дмитрий Степанов («Ақтөбе»).

Шабуылшылар – Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Аркадий Шестаков, Дмитрий Шевченко, Роман Старченко, Кертис Волк («Барыс»), Нұрсұлтан Белгібаев («Алматы»), Дмитрий Гренц, Кирилл Савицкий, Артем Лихотников («Торпедо»).

Естеріңізе сала кетейік, 13 ақпанға дейін созылатын айтулы турнирде Қазақстанның негізгі және қосалқы құрамымен қатар, Ресей және Беларусь хоккейшілері күш сынасады.