Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Сарыарқа даңғылындағы көпірден секірмек болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

«Кеше сағат 23.46-да "102" пультіне Сарыарқа даңғылындағы көпірдің таянышында ер адам отырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция полкінің инспекторлары Жандос Тұрашев пен Жақсылық Қарабаев барды.

Онда полицейлер көпірден аяғын шығарып, секірейін деп отырған ер адамды көрді. Жағдайды бағалаған соң, инспекторлар дұрыс сөз тауып, оның назарын аудара білді. Полицейлер ер адамға жеткілікті қашықтыққа жақындағанда оны жылдам ұстап, тротуарға сүйреп шығарды», деп хабарлады құқық қорғаушылар.

33 жастағы астаналық мас болған. Ол неге мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр. Ер адам аудандық полиция бөліміне жеткізілді, омен психологтар жұмыс істеді.