Әлем • 09 Ақпан, 2021

Ер адам вирус жұқтырған адамның сілекейін 70 долларға сатып алған

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда автосалон қызметкері COVID-19 жұқтырған адамнан сілекей сатып алып, оны шайға араластырып, бастығына берген. Енді ол сот алдында жауап бергелі жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ер адам вирус жұқтырған адамның сілекейін 70 долларға сатып алған

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, автосалонның иесі Ибрагим Унверди өз қызметкеріне автокөлікті сату бойынша мәміле жасау үшін 215 мың түрік лирасын берген. Алайда келесі күні жұмысшысы бастығына қоңырау шалып, ақшаны өз несиесін төлеуге жұмсап тастағанын айтады.

Унвердидің айтуынша, басқа жұмысшылар бұған дейін оны сол ер адамның өлтіргісі келгенін айтқан. Аталған мақсатпен қызметкер коронавирус жұқтырған адамнан бір құты сілекейді 70 долларға сатып алып, бастықтың шайына араластырады.

Алайда Унверди ол шайды ішпей, ауруды жұқтырмаған. Осыдан кейін жұмысшысы бастығына "атып өлтіремін" деп қоқаң-лоқы көрсетті. Бастығының телефонына жіберген хабарламаның бірінде: "Мен сені вируспен өлтіре алмадым, ал келесіде тура басыңнан атамын" деп жазылған.

Ақырында автосалон иесі полицияға арызданып, нәтижесінде жұмысшы қамауға алынады. Ер адамға кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылды.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ