Қазақстан • 09 Ақпан, 2021

Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді.

Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды

1 252 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 060 адам, анықтамасыз 192 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 800 жолаушы, анықтамамен - 626, анықтамасыз - 174;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 310 жолаушы, анықтамамен - 295; анықтамасыз - 15;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 132; анықтамасыз - 3;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 7 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 7 ақпанында анықтамасыз келген 762 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.