Спорт • 09 Ақпан, 2021

Юлия Путинцева да екінші кезеңге шықты

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігіне өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бүгін өзінің тұсаукесер кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Юлия Путинцева да екінші кезеңге шықты

Жерлесіміз Слоан Стивенспен шеберлік байқасты. 27 жастағы АҚШ-тың өкілі осыдан екі жыл бұрын ғана WTA рейтингінде үздік үштіктің қатарында болған.

2017 жылы ол АҚШ-тың ашық біріншілігінде жеңімпаз атанса, 2018 жылы Ролан Гарростың финалында ойнады. Міне, осындай сақа спортшыға Юлия Путинцева сан соқтырды. Есеп - 4:6, 6:2, 6:3.