Экономика • 09 Ақпан, 2021

Әсет Ерғалиев Үкіметте дағдарысқа қарсы бизнесті қолдау шараларының жаңа пакетін ұсынды

282 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы барысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2020 жылы дағдарысқа қарсы халық пен бизнесті қолдау шаралары туралы баяндап, сондай-ақ бизнесті қолдау құралдарының жаңа пакетін таныстырды.

Әсет Ерғалиев Үкіметте дағдарысқа қарсы бизнесті қолдау шараларының жаңа пакетін ұсынды

Министр әңгіме халық пен бизнесті қолдау, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау жөніндегі жедел шаралардан тұратын дағдарысқа қарсы шаралардың үш пакеті мен Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар туралы болып отырғанын атап көрсетті.

Бизнесті қолдау мақсатында зардап шеккен салалар үшін салықтық ынталандырулар көрсетілді, ШОБ-қа жеңілдікпен кредит беру кеңейтілді, айналым капиталын қаржыландыру ұлғайтылды. Бұдан басқа, жеңілдікті шарттармен кредиттер қайта қаржыландырылды және олар бойынша төлемдер кейінге қалдырылды. Нәтижесінде 700 мың кәсіпкер салық жеңілдіктерін алды, зардап шеккен салалардағы қарыз алушылардың 80% - інің кредиті кейінге қалдырылды, 40 мың кәсіпкер жобалық қаржыландыруды пайдаланды.

Министрдің айтуынша, аталған шаралар пакеті шеңберінде бизнесті қолдау мақсатында зардап шеккен салалар үшін салықтық ынталандыру шаралары көрсетілген. ШОБ-ты жеңілдікті кредиттеу айтарлықтай кеңейтілді. Айналым капиталын қаржыландыру ұлғайтылды. Кредиттерді жеңілдікті шарттармен қайта қаржыландыру, сондай-ақ кредиттер бойынша кейінге қалдыру ұсынылды. Нәтижесінде 700 мың кәсіпкер салық жеңілдігін алды. Зардап шеккен саладағы қарыз алушылардың 80% - інің кредиті кейінге қалдырылды. Кәсіпкерлердің 40 мыңға жуық жобасы қаржыландырылды.

2020 жылы бизнесті қолдау бағдарламасына кредит беру құралдары мен қаржыландырудың қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілгенін атап өткен жөн. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша проценттік мөлшерлеме 6% деңгейінде біріздендірілген.

ҰЭМ басшысы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске қатысты тексерулерге үш жылдық мораторий қолданылатынын еске салды.  Мораторий үш жыл ішінде 100 мың тексерудің күшін жоюға мүмкіндік береді. Бұл әкімшілік жүктемені азайтады және бизнесті енгізудің тұрақтылығына ықпал етеді.

«Зардап шеккен бизнес субъектілері үшін 8% мөлшерлемемен айналым қаражатын ұсыну бойынша Ұлттық Банкке жеңілдікпен кредит берудің жаңа бағдарламасы іске қосылды, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды», – деп атап өтті Ә.Ерғалиев.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» аясында «Бизнесті микрокредиттеу» жаңа бағыты енгізілді. Соңғы қарыз алушыға мөлшерлеме 6% - ті құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін микрокредиттің максималды сомасы – 5 млн теңге, өндірістік қажеттіліктерге - 20 млн теңге. Бұл ретте мемлекет тарапынан негізгі борыштың 85% - іне дейін кепілдік беріледі, сондай-ақ микро және шағын бизнес жобалары жедел қаралады.

Әсет Ерғалиев хабарлағандай, Реформалар жөніндегі жоғары кеңесте бизнесті қолдауға бағытталған 8 жедел жаңа шара әзірленіп, қаралды.

Бірінші. Еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайту және бірыңғай төлеммен төлеу.

Екінші. Өңдеуші өнеркәсіптің жаңа кәсіпорындарының қалыптасуы мен дамуын қолдау үшін олар үшін ҚҚС-ты 70% - ке азайту (кәсіпорын құрылған сәттен бастап 2 жылға) мәселесін қарау ұсынылады.

Үшінші. Кәсіпорындарды дамыту және қолдау үшін өндірісті дамытуға қайта инвестицияланатын пайданы корпоративтік табыс салығынан босату ұсынылады.

Төртінші. Үкіметтің инвестициялық келісімдер жасасуы үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесін кеңейту.

Бесінші. Тегін мобильді қосымша арқылы ЖК-ны жеңілдетілген тіркеу.

Алтыншы. Ағымдағы жыл ішінде бизнеске қойылатын барлық талаптардың үштен бірін қысқарту ұсынылады.

Жетінші. Бизнесті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында микроқаржы ұйымдарын «Бизнестің жол картасы-2025» субсидиялау бағдарламасына қосу ұсынылады.

Сегізінші. ШОБ-та қоғамдық тамақтану саласы үшін бөлшек салық режімін енгізу ұсынылады.

«Бұл шараларды ағымдағы жылы іске асыру жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылға қарай 500 мың адамды жалдамалы қызметкерлерді ресми жұмыспен қамтуға тартуды, жыл сайын өңдеуші өнеркәсіпке 15 п.т. инвестицияларды ұлғайтуды, Көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі жоспарды іске асыруды ескере отырып, көлеңкелі экономиканы ЖІӨ - ге 15% - ке дейін төмендетуді, сондай-ақ микро және шағын бизнес субъектілерінің 75% - і үшін еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді экономикалық ведомство басшысы.