Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Атырауда жоғалған жігітті іздеуге тікұшақ тартылды

2402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 5 ақпанда жоғалып кеткен 30 жастағы жігіттің дерегі шықпай тұр. Енді оны іздеуге тікұшақ тартылып, волонтерлер қосылды.  

Атырауда жоғалған жігітті іздеуге тікұшақ тартылды

«Жоғалған жігітті іздеуге 7 ақпанда «Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалынан 20-ға жуық волонтер қосылды. Кейін 10-нан астам ерікті тұрғындар да іздестіруге қол ұшын созды. Төтенше жағдайлар департаменті арнайы техника бөлді. Тікұшақ та тартылды.

Қайыршақты ауылдық округінің аумағындағы Жайық өзенінің жағалауы, жақын маңдағы елді мекендердегі көшелер мен аулалар тексерілді. Бұрын жоғалған жігіттің отбасы тұрған Қарабатан елді мекеніне де бардық. Атыраудағы «Насиха» сауда орталығы орналасқан аумақта да барлау жүргізілді», деп хабарлады  «Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Әсия Құлжанова.

Қазір жоғалған жігітті іздеу жалғасып жатыр.