Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

400 келі балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ауланған балықтарды тасымалдаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

400 келі балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жедел-профилактикалық, рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтап, қылмыстың алдын алып жатады. Осындай күнделікті шаралар кезінде Келес АПБ-нің Табиғатты қорғау тобының инспекторы Жанболат Сапарбаев, түнгі сағат 02:00 шамасында күмән тудырған “Ауди С4” маркалы көлікті тоқтатқан. Яғни көліктен су ағып келе жатқан. Және ішінде өте ауыр салмақты зат бар екені, соның салдарынан жүрісі баяу екенін байқаған полицей бірден әрекетке кіріскен.

Тексеру барысында анықталғандай, көліктің ішінен заңсыз ауланған салмағы 400 келіге жуық әр түрлі балықтар бары анықталды. Осыған орай тұрғын АПБ-не жеткізілді. Аталған балықтар тәркіленіп алынып, Шардара балық заводына тапсырылды. Қылмыстық іске қатысы бар тұрғынға қатысты іс Келес аудандық ПБ СДТБТ-де ҚР ҚК 335-бап (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша тіркеуге алынды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде табиғатты қорғау тобының тәртіп сақшылары, табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, браконьерлік, балық ресурстарын заңсыз аулау, ағаш кесу және басқа да тәртіп бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қарқынды қызмет атқарып келеді. Сондықтан табиғатты аялауға және браконьерлік пен табиғи ресурстарды заңсыз өндіру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын есте сақтауға шақырады.