Спорт • 10 Ақпан, 2021

Туриндегі тартыс

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 10 жыл бұрын, нақтылап айтсақ 2006 жылдың 10 ақпанында Италияның Турин қаласында ХХ қысқы Олимпия ойындарының алауы тұтанған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туриндегі тартыс

16 тәулікке созылған айтулы жарыста 80 мемлекеттен келген 2508 үміткер бақ сынап, олар 15 спорт түрі бойынша 84 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Германия құрамасы көш бастады. Немістер 29 (11 алтын+12 күміс+6 қола) жүлдеге қол жеткізді. Екінші және үшінші орындарды АҚШ (9+9+7) пен Аустрия (9+7+7) олжалады. Содай-ақ үздік бестіктің қатарына Ресей (8+6+8) мен Канада (7+10+7) қосылды. Өкінішке қарай, Қазақстанның спортшыларына бұл байрақты бәсекеде бірде-бір жүлде бұйырған жоқ.

Жекелеген спортшылар арасында Синди Классен жасындай жарқырады. Канадалық конькиші қыз бес рет (1 алтын+2 күміс+2 қола) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал неміс биатлоншысы Михаэль Грайс пен Оңтүстік Кореяның шорт-трек шеберлері Ан Хен Су мен Чин Сон Ю үш реттен бас жүлдені олжалады.