Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанның шеткі аймақтары қалай өзгерді

131 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылы елорданың тұрғын үй алаптарында 100 астам көшеге асфальт төселді, 40 астам қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар), аулалар абаттанды. Бірқатар әлеуметтік нысан салынды, оның ішінде - мектептер де бар. Газдандыру және т.б. бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Елорда әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде қаланың тұрғын алаптарын дамыту бойынша жұмыстары жайлы айтты.

Нұр-Сұлтанның шеткі аймақтары қалай өзгерді

«Мемлекет басшысы тұрғын алаптарын жоспарлы түрде дамытуды тапсырды. Қалада барлығы 16 тұрғын үй алабы бар, онда 280 мың адам тұрады. Бұл - бүкіл елорда халқының төрттен бірі. Әр алап бойынша шаралардың мұқият жоспары әзірленді: бұл мектептер, медицина орталықтары, әлеуметтік баспана, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жолдар, кәріз желілері және т.б. құрылысы.

Газ тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды: биылғы жылыту маусымында Железнодорожный, Көктал-2 тұрғын үй алаптарынының тұрғындары, Агроқалашықтың бір бөлігі газға көшу мүмкіндігіне ие болды. Қазір Көктал-1, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. 300 км газ тарату желілері салынды. Газдандыру – Елбасының тарихи жобасы», - деп атап өтті астана әкімі Алтай Көлгінов.

Бұған қоса, елорда әкімі жекеменшік ұйымдардың өкілдерімен бірнеше рет кездесудің арқасында, үйдің ішіне газ тарту құнын орташа алғанда 30%-ға төмендету мүмкін болғанын айтты.

Сондай-ақ, Мичурино мен Көктал-1 тұрғын үй алаптарында екі мектеп құрылысы аяқталды, тағы екі оқу орны мен екі денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүріп жатыр (Өндіріс, Промышленный). Сонымен бірге, тұрғын үй алаптарында 13,5 км инженерлік желі, 5 км астам кәріз бен су желілері, 3 км астам нөсер кәрізі салынған.

Халық арасында жаппай спортты дамытуға бүкіл жағдай жасау да маңызды. Пандемия жүйелі түрде спортпен айналысып, ағзаны нығайту керектігін көрсетті. Мәселен, 4 астаналық тұрғын үй алабында (Өндіріс, Көктал, Үркер. Железнодорожный ТҮА) ірі дене шынықтыру – сауықтыру кешендері салынып жатыр. Оларда спортпен айналысуға арналған кабинеттерден өзге қарттарға арналған клубтар, ХҚКО-лар, полиция бекеттері, пошта бөлімшелері мен т.б. орналасады. Тұрғындар бұл спорт кешендеріне тегін бара алады.

Астана «Нұр-Сұлтан – қолайлы қала» жоспары аясында дамып жатыр. Яғни, оған сай, аудандарда барлық қажетті әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым, демалыс орындары мен т.б. болуы тиіс.