Тұрғындар алдында есеп берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев мәліметіне сүйенсек, аталған жобаның инвесторы – «СевКаспий ФИШ» ЖШС. Бұл серіктестік 2 млрд теңге инвестиция салу арқылы балық қорын көбейтуді қолға алады. Сөйтіп, бекіре тұқымдас және қара балықтардың 10 милионнан астам шабағын өсіріп, Қиғаш өзеніне жібермек. Сондай-ақ ауданда тоған шаруашылығын дамыту қолға алынады.
«Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде 1000-нан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, балық, егін, мал және құс шаруашылығын дамыту мақсатында Қиғаш өзенінде 243,55 шақырымды құрайтын жанама каналдардың түбі тереңдетіледі. Сондай-ақ, 75 шақырымдық «Кобяково-Забурунье» суландыру жүйесін қайта жаңғырту жоспарланып отыр» дейді аудан әкімі Қайрат Нұртаев.