Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Атыраудағы цехта тәулігіне 30 тонна балық өңделеді

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Құманғазы ауданында «Каспий-Балық» өндірістік кооперативі жаңа цехты іске қосты. Цехта тәулігіне 30 тонна балық өңделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы цехта тәулігіне 30 тонна балық өңделеді

Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаевтың мәліметінше, былтырғы балық аулау маусымында 350 тонна балық Еуростандарт талабына сәйкес өңделіпті. Ауданда балық шаруашылығымен айналысатын құрылымдар 3361 тонна балық өнімін Ресей Федерациясына, Грузия мен Украинаға экспортқа жіберіпті.

«Осы кезге дейін ауланған балықтардың басым бөлігі шет елдерге мұздатылған, салқындатылған, мұздатылған, кептірілген күйінде өңделіп, Еуростандартқа сай жіберілетін еді. ​«Каспий-Балық» өндірістік кооперативі балық өнімін өңдеу, тоған шаруашылығын дамыту үшін Ресей Федерациясынан инвестор тартты. Өндірістік кооператив инвестормен бірлесіп, Бірлік​ ауылынан балық өндеу цехын ашты. Жобаның құны – 200 млн теңге. Цехта​ тәулігіне 30 тонна балық өнделеді. Оған 50 адам тұрақты жұмысқа тартылып отыр» деді Қайрат Нұртаев.