Әлем • 11 Ақпан, 2021

АҚШ Мьянма әскеріне қарсы санкция енгізді

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Джо Байден төңкеріске қатысқан Мьянма әскери күштеріне қарсы санкциялар туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ Мьянма әскеріне қарсы санкция енгізді

Байден Мьянма әскерлерінің демократиялық көшбасшылар мен белсенділерді тез арада босатуға, сондай-ақ олар басып алған биліктен бас тартуға шақырды.

Президент енгізілген шектеулер Мьянма қарулы күштеріне және олардың туыстарының экономикалық мүдделеріне әсер ететінін нақтылап өтті.

«Сондай-ақ қатаң экспорттық бақылауды енгіземіз. Мьянма үкіметіне пайда әкелетін активтерді тоқтатамыз. Дегенмен денсаулық сақтау, азаматтық қоғам және халыққа тікелей көмектесетін басқа да салаларды қолдауды жалғастырамыз», деді АҚШ президенті.

Джо Байден Вашингтон қарамағындағы Мьянма үкіметтік қорларына, яғни 1 миллиард доллар сомаға қол жеткізуден айыру мақсатында іс-қимыл жасайтынын мәлімдеді.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ