Спорт • 11 Ақпан, 2021

Юлия Путинцева үшінші кезеңге шықты

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 жастағы қазақстандық теннисші Юлия Путинцева кеше Мельбурнде өтіп жатқан «Үлкен дуылға» санатындағы жарыстың бірі – Аустралияның ашық біріншілігінің үшінші айналымына шықты. 

Юлия Путинцева үшінші кезеңге шықты

Тұсаукесер кездесуінде кезінде АҚШ-тың ашық біріншілігін ұтып, Ролан Гарростың финалында ойнаған америкалық Слоан Стивенске сан соқтырған жерлесіміз екінші кезеңде қазіргі кезде WTA рейтингінде 67 орында тұрған Алисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасты. 26 жастағы Бельгияның өкілінің ең үздік нәтижесі – 2015 жылы Ролан Гарростың ширек финалына дейін жетуі. Осы күнге дейін қос теннисші бір-бірімен үш мәрте  кездесіп, үшеуінде де Путинцева жеңіске жетті. Бұл жолы да отандасымыз өзінің мықтылығын мойындатты. 1 сағат 56 минутқа созылған бұл бәсекеде 6:4, 1:6, 6:2 есебі тіркелді. Енді Юлия америкалық Кори Гауфф пен украиналық Элина Свитолина арасындағы матчтың жеңімпазымен күш сынасады.

Ал бүгін Зарина Диас кортқа шығады. Оның үшінші кезеңдегі қарсыласы – әлемнің 32 ракеткасы Гарбинье Мугуруса. Испания теннисшісі кезінде WTA рейтингінде көш бастап, Уимблдон мен Ролан Гарроста топ жарған.