25 Желтоқсан, 2013

Бақырып басшы бола ма?

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақта бұрыннан: «Бай болған бақырып бола ма?» деген сөз бар. Ал бүгінгі Ақтаудағы бастықтар сол бақыруға балағатты қосып жібереді екен. Ал екеуі қосылып кеп кеткенде, оның алдында отырған қарауындағы жұмысшылары ғана емес, кәрі Каспий­­­дің өзі тітіркеніп кетеді деседі. Міне, осылайша үстеріне әңгіртаяқ ойнай беруінен әбден зәрезап болған қалада­ғы сондай мекемелердің бірі – комму­налдық шаруашылық бөлімінің қызмет­керлері ақыры тәуекелге барып, бастықтарының үстінен прокуратураға шағыныпты.

«Ақтауда коммуналдық шаруа­шы­лық бөлімінің бастығы қарамағын­дағыларға күн көрсетпей, бас-көз демей балағаттайды екен. Одан әбден мезі болған қызметкерлер ақыры прокуратураға шағым түсіріпті. Айтуларынша, Сағын­ғали Амангелдиев мемлекеттік қызметкердің ар-намысын аяққа таптап, бөлімдегілермен боқтап қана сөйлескен», деп хабарлады осыған орай КТК арнасы.

Бір қызығы, шілтірейген шенеу­­нік­тің шектен шығып кеткеніне прокурор­лардың да көздері бірден жетіпті. С.Амангелдиев прокуратура қызметкерлері келіп отырған кезде-ақ қызметкерлерін бас салып сыбап алып, ұялы телефонын лақтырған екен. Бөлім жетекшісіне кейін қатаң сөгіс жарияланады.

Алайда, басу көрмеген бақырауық басшы ешқашан әдептен асқан емеспін деп бет бақтырмай отырған көрінеді.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар