Тәртіп сақшыларының материалдық-әлеуметтік мәселелері жиі айтылып, бірақ шешімін табуы жағынан ақсап келе жатқан жайт болатын. Жуырда Маңғыстау полицейлері зор қуанышқа кенелді. Бұл сала қызметкерлері көптен күткен сәт болатын.
Тәртіп сақшыларының материалдық-әлеуметтік мәселелері жиі айтылып, бірақ шешімін табуы жағынан ақсап келе жатқан жайт болатын. Жуырда Маңғыстау полицейлері зор қуанышқа кенелді. Бұл сала қызметкерлері көптен күткен сәт болатын.
«Егіз қуаныш» деген осы екен, бұл күні маңғыстаулық полицейлер үшін арнайы салынған 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп бір қуантса, сала күш-қуаты 95 қызметтік көлікпен толығып екі қуантты.
Аймақ басшысы А.Айдарбаев, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры М.Демеуов салтанатты сәттің қызығын полицейлермен бірге бөлісті.
Полицейлер үшін алғаш рет арнайы салынған үй – облыстағы бұл сала қызметкерлеріне жасалған қамқорлықтың дәлелі. Жаңа баспананың кілтін алғандар қатарында кезекке тұрғанына 20 жылға тарта уақыт болған, осынша жылдар ішінде пәтер жалдау азабын бастан өткерген тәртіп сақшылары да бар екен. Ал 95 көлік кілті қоғамдық тәртіпті қатаң қадағалау, қылмысты болдырмау, бола қалған жағдайда ізін суытпай ашу, қылмыскерді құрықтау мақсатында Ішкі істер департаментінің республикалық маңыздағы тас жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әкімшілік полициясы басқармасы жол-патрульдік полициясы ротасына, аудандық, қалалық ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларына, департаменттің және аудандық, қалалық ішкі істер басқармаларының жедел бөліністеріне тапсырылды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.