25 Желтоқсан, 2013

Сорлы кемпір

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Каспий банкке кіріп барсам, Голливудтың актері Антонио Бандерасты емешегі құрып, көзін жұмып алып, құшақтап тұрған қазақ­тың сары қарын бәйбішесінің суретін көргенде, тұла-бойым шымырлап кетті. Неткен сорлылық?! Қашанғы қазақ қызын өзгелерге тегіннен-тегін олжа ете береміз. Қазақтың дүние­­танымына томпақ, санасына өте ауыр тиетін көрініс.

Ұлттың ары мен намысы қайда кетті? Кезінде жеңіліс тапқан елдің қызын қатындыққа алып, солай ұлтын қорлайтын болған. Өзгелерге қыз беру – ол да бір жеңілістің белгісі. Көшпелілер ұғымында қорлаудың түрі, кек алудың, масқаралаудың ең үлкен шыңы – қызын қорлау болатын. Қазіргі қазақтың қызы сол қорлаудың объектісіне айнал­­­­­­ған­дай. Қазақтың намысын таптаған осындай сора­қы жарнамалар кейінгі уақытта қаптап барады. Неге басқалар А.Бандерасты елдеріне шақы­­­­­рып, қызда­рын құшақтатып суретке түсіріп жарнама жасамайды, әйтпесе, қолдарынан келеді ғой. Себебі, мерейі үстем ел төмендегісі жоқ. Ондай жағ­дай олар­дың өңі түгілі, түсіне кірмейді. Ал, біз болсақ, Ыбы­рай Алтынсарин айтпақшы, «ақ пен қа­раны айы­ра алмай қалдық».

Жұмамұрат ШӘМШІ,

тарих ғылымдарының кандидаты.

Соңғы жаңалықтар