Денсаулық сақтау министрлігінің 14 ақпандағы мәліметі бойынша 23 828 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның арасында 5 295 науқас стационарда, 18 533 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдауда: 244 адамның жағдайы ауыр, 51 адамның жағдайы өте ауыр, 42 науқас ӨЖТ аппаратында жатыр.
Кешегі дерек бір тәулікте 837 адамнан ПТР арқылы коронавирус инфекциясы анықталғанын көрсетті. Мұның ішінде індетті ең көп жұқтырғандар «қызыл аймақтағы» Павлодар облысынан (130 адам) болса, одан Алматы қаласы да (110 адам) қалыса қоймапты. Бұл Алматының «жасыл аймақта» болғанымен, жағдайды қатаң бақылауда ұстауы қажет екенін қаперге салады. Өйткені халқы тығыз мегаполистерде ахуал күрделеніп, «қызара» түсуі тез-ақ екенін елорданың мысалынан аңғаруға болады. Астана айналдырған бір айдың ішінде бірнеше рет «қызуы» көтеріліп, «қызыл аймаққа» кіріп шықты. Жалпы, барлық өңіріміз – еліміз «жасыл» деп жағасын жайлауға жібермей, ауруды асқындырмауға аса сақтықпен қарағаны жөн.
Бүгінде бейдауа індеттің біржола бетін қайтаратын бірден-бір амал вакциналау болып тұр. Елімізде ақпан айынан басталып кеткен бұл үдеріске үміт артып, екпе салдыруға ниеттілердің қатары толығып жатыр.
Эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді
Еліміздің тұс-тұсында қауіпті індеттің таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Бұл жағынан Қазақтан қазір «жасыл аймақта» тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 ақпандағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 11 өңіріміз – «жасыл аймақта». Бұрнағы күні «қызыл аймақта» болған Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласының артынан «сары аймаққа» қосылды. Сондай-ақ бұл қатарда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал індетті жұқтыру әлі өршіп тұрған Павлодар облысы – «қызыл аймақта» қалған бір ғана өңір.
Орынбек ӨТЕМҰРАТ,
«Egemen Qazaqstan»
Денсаулық сақтау министрлігінің 14 ақпандағы мәліметі бойынша 23 828 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның арасында 5 295 науқас стационарда, 18 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда: 244 адамның жағдайы ауыр, 51 адамның жағдайы өте ауыр, 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Кешегі дерек бір тәулікте 837 адамнан ПТР арқылы коронавирус инфекциясы анықталғанын көрсетеді. Мұның ішінде індетті ең көп жұқтырғандар «қызыл аймақтағы» Павлодар облысынан (130 адам) болса, одан Алматы қаласы да (110 адам) қалыса қоймапты. Бұл Алматының «жасыл аймақта» болғанымен, жағдайды қатаң бақылауда ұстауы қажет екенін қаперге салады. Өйткені халқы тығыз мегаполистерде ахуал күрделеніп, «қызара» түсуі тез-ақ екенін елорданың мысалынан аңғаруға болады. Астана айналдырған бір айдың ішінде бірнеше рет қызуы көтеріліп, «қызыл аймаққа» кіріп шықты. Жалпы барлық өңіріміз – еліміз «жасылмыз» деп жағасын жайлауға жібермей, ауруды асқындырмауға аса сақтықпен қарағаны жөн.
Бүгінде бейдауа індеттің біржола бетін қайтаратын бірден-бір амал вакциналау болып тұр. Елімізде ақпан айынан басталып кеткен бұл үдеріске үміт артып, екпе салдыруға ниеттілердің қатары толығып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласында осы күнге дейін 1 640 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салыныпты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қалалық №2 емхананың директоры Ләззат Рыспекова мәлімдеді.
«Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен елордада бірінші болып вакцина егетін 5 емхана бекітілді. Осы емханаларда ең алдымен вирусты жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға екпе салына бастады. Екпе жұмыстарын бастамас бұрын бес емханада дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда вакцинаны тасымалдауға арналған термоконтейнерлер алынды, оқыту жұмыстары өткізіліп, санитарлық-эпидемиялық сала қызметкерлерімен қатар медицина қызметкерлері аттестаттаудан өтті. Елордада қазірге дейін 1 640 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынып қойған. Вакцинаның бір флаконы бес адамға жетеді. Осы вакцинаны салу кезінде уақыт бойынша аралық тәртібі қатаң сақталды. Вакцина салынған адам алғашқы 30 минутта бақылауда болады», деді Л.Рыспекова.
Елімізде бұған дейін де екпе салдыруға қарсылық танытқан адамдар болды. Бұл қатардағы жұрттың біразы вакцинаны салдырғаннан кейін кері әсер ететінін ойлап, қауіптенді. Алайда вакцина салдырған кісілердің қазір жағдайы қалыпты екен. Мұны баспасөз мәслихатында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының дәрігер-эпидемиологы, сарапшы қуаттады.
«Бүгінгі таңда КВИ-мен тиімді күрес жолдарының бірі осы вакциналау екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Медициналық қызметкерлер қауіпті топқа жататын болғандықтан, егуді солардан бастадық. Ақпан айының 1-інен бастап егілгендердің саны 14 мыңға жуық болды. Сол егілген адамдардың арасында аса қауіпті ауыр асқыну белгілері байқалған жоқ. Бізде күтілетін реакциялар болады. Егу салған жерде орнында қызару, аздап ауырсыну белгісі, температураның жоғарылауы және қысқа уақытта артериялық қысымның жоғарылауы байқалды. Бірақ бұл белгілердің барлығы да медициналық көмектің қажетінсіз бірнеше сағаттан бастап бірнеше күнге дейін өздігінен таралып отырды», деді ол.
Жоғарыда коронавирус инфекциясынан сақтандыратын вакцинаға дейін де біраз жұрт басқа аурулардан қорғайтын екпені салдыруға қарсы болғанын айтып өттік. Осы ретте халық арасында мынадай сауал туындап жүр: Тұмауға қарсы екпелер КВИ-ға қарсы иммунитетті төмендетеді деген рас па? Бұл сауалдың жауабын Лена Қасабекова берді.
«Коронавирус инфекциясы пандемиясына дейін елімізде жыл сайын тұмауға қарсы егіліп жүрген қауіпті топ халықтың 10 пайызын құраған. Ал пандемия басталғалы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін көтеру керек деген ұсыныс жасады. Себебі КВИ кезінде қауіпті топтар арасында жоғары сырқаттанушылық белгілері, асқынулар және өлім-жітім көп болды. Тұмауға қарсы егілмеген адамдар тұмаумен ауырып, қосымша коронавирус жұқтырғанда, бұл көрсеткіштер артты. Меніңше, бұл екі жұқпалы аурудың қауіп топтары бірдей: медицина қызметкерлері, 65-тен асқан ересек адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар. Сондықтан керісінше, тұмауға қарсы вакцина адамдарды тұмаудан қорғап, КВИ мен тұмаудың қатар асқынуынан сақтайды. Сондай-ақ барлық зерттеу тұмауға қарсы вакцинаның КВИ-ге қарсы иммунитетті төмендетпейтінін дәлелдеп отыр», деді сарапшы.
Жалпы үміт пен күдігі қатар вакцинаға қатысты ел арасында алыпқашпа әңгімелердің кеңінен тарағаны белгілі. Соның бірі қазіргі індетке қарсы вакциналар бедеулікке ұрындырады деген қауіп екен. Брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берген сарапшылар вакцинаның жыныстық бездер функцияларына әсері туралы мифті жоққа шығарды. Осы ретте Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева ешқандай проблемалар болмайтынына сендірді.
«Вакцинаны халыққа қолданбас бұрын жануарларға зертханалық көптеген клиникаға дейінгі зерттеу жүргізіледі. Бедеуліктің пайда болу қаупі – вакцина қауіпсіздігінің маңызды өлшемдерінің бірі. Бұл міндетті түрде зерттеледі. «Спутник V» де басқа вакциналар сияқты және «Kaz-Covid-in» де репродуктивті функцияға әсер етпейді. Егер біздің қазақстандық вакцина туралы бөлек айтатын болсақ, оның технологиясы 80 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Осылайша тұмауға, полиомиелитке, кене энцефалитіне қарсы вакциналар әзірленді. Олардың жыныстық бездер функциясына ықтимал әсері баяғыда зерттеліп қойған. Олар бедеулікке апармайды», деді Л.Ералиева.
Қалай дегенмен бұл індетке қарсы тұрар «қару» – вакцина. Қазіргі заманға дейінгі қаншама жұртты жалмаған небір обаны вакцинаның күшімен тоқтатқан. Сондықтан аман-есен, ашық-жарқын қалыпты өмірге оралу үшін індет қаупінен біржола құтылатын жол – вакциналаудан қашпаған абзал.