Оның айтуынша, полиция департаментінің екі қызметкері кеше, 14 ақпанда «Атырау-Доссор» бағытындағы жол бойында ұсталды. Басқарма қызметкерлері олардан тыйым салынған заттар тапқан.
«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», деді Ерген Төлемісов.