26 Желтоқсан, 2013

Жеделхат

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті

С.Абдрахмановқа

Еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстан» отандық білім мен ғылым дамуының насихатталуына үлкен үлес қосып келеді. Білікті маман даярлау жұмысына, ғылыми жаңалықтарға, қазақстандық білім беру ісінің бәсекеге қабілетті болуына әрқашан ақпараттық қолдау көрсетіп, халықты күнделікті жаңалықпен хабардар ететін басылым.

Жазылым – 2014

Газеттің әрбір жаңа саны әрқашан қолымызда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері, студенттері еліміздегі қоғамдық, саяси өзгерістерді, жаңалықтарды осы газет арқылы оқып, біледі. ҚазҰУ ұжымы газет редакциясымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ғалым, профессорларымыз газет арқылы өз ойларымен, шығармашылықтарымен бөлісіп, пікір алаңына айналған «Егемен Қазақстанмен» үнемі байланыста. Университетіміз биыл да жылдағыдай газеттің 500 данасына жазылып отыр.

«Егемен Қазақстан» газетінің ұжы­мына шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, қызықты да көкейкесті материалдар көп болсын деп тілейміз.

Ғалымқайыр МҰТАНОВ,

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ ректоры.

*  *  *

Байзақ ауданының тұрғындары бүгінге дейін 2000 данаға жуық «Егемен Қазақстан» газетіне жазылды. Елдің амандығы мен тыныштығы, халықтың бақыты мен берекесі жайлы үзбей ой толғайтын ақылман газетіміздің ұжымына келесі жылы да мықты денсаулық, табысты шығармашылық тілеймін.

Мұратхан ШҮКЕЕВ,

Байзақ ауданының әкімі.

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50