Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Алтай Көлгінов тұрғындарды елорданы бірлесіп дамытуға шақырды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Birge» сайты іске қосылғанын, енді осы арқылы елорда тұрғындарынан ұсыныстар қабылданатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Алтай Көлгінов тұрғындарды елорданы бірлесіп дамытуға шақырды

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Өздеріңіз білетіндей, елордамыздың аудандарын полиорталық қағидаты бойынша дамытудамыз. Бұл дегеніміз - қадамдық жақын жерде орналасқан әлеуметтік нысандар, уақыт өткізуге арналған абаттанған орындар, инфрақұрылымы дамыған, жасыл бақтары бар және т.б. бар қала.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қаланы дамыту бойынша ұсыныстарыңыз келіп түсуде. Бұл бізді қатты қуантады. Осы жұмысты жүйелеу және елорданы сіздермен бірге дамыту үшін "Birge" сайты іске қосылды (http://birge-elorda.kz/nur-sultan/).

Сайтта сіз әр түрлі бағыттар бойынша ұсыныстар мен өз көзқарасыңызды қалдыра аласыздар.

Апатты ескі тұрғын үйлерді сүру, экология, газдандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістік, көшелерді жарықтандыру, жануарларды қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, білім беру, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, урбанистика - қалалық орта, бизнес, көлік, санитариялық тазарту секілді санаттар жеке берілді.

Платформаның жұмыс істеу процесі қарапайым: біріншісі - идеяны ұсыну, екіншісі - іріктеу, үшіншісі - жобаны жүзеге асыру. Тұрғындардың ең жақсы ұсыныстарын жүзеге асырамыз!

Елорданы "Нұр-Сұлтан-жайлы қала" мастер - жоспары аясында дамытудамыз, қаланы шынымен жайлы ете аламыз!» - деп жазды елорда әкімі.