Экономика • 17 Ақпан, 2021

Башқұртстан нарығына экспорт: 24 қазақстандық компания таныстырылды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңірлері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту шеңберінде Башқұртстан Үкіметінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі 2021 жылы қазақстандық экспортқа бағдарланған компаниялар үшін алғашқы онлайн бизнес-миссиясын ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, Қазан қаласындағы ҚР Бас консулдығының өкілдері, "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ, "KazakhExport" ЭСК АҚ, сондай-ақ қазақстандық "Magnum", "Южный" және "Корзинка" сауда желілерінің өкілдері. Башқұртстан Республикасы Үкіметінің тарапынан РБ Сауда және қызмет көрсету министрінің орынбасары, РБ Сыртқы экономикалық байланыстар және Конгресс қызметі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, РБ Сауда-өнеркәсіп палатасының, Әлеуметтік тамақтану кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Башқұртстан өңірлік сауда желілерінің өкілдері қатысты.

Онлайн бизнес миссиясы аясында шикізаттық емес салалардағы 24 қазақстандық компания таныстырылды. Сондай-ақ, бизнес-миссия бағдарламасына сыртқы сауда келісімшарттары мен келісімдеріне қол қою мақсатында осы компаниялардың Башқұртстандағы әлеуетті контрагенттермен В2В-келіссөздері енгізілген болатын.

Қазақстан компанияларының тұсаукесерлерін өткізу барысында Башқұртстан өкілдері азық-түлік тауарларын өзара жеткізуге қызығушылық танытты, қазақстандық өнімдерге, әсіресе "Халал" сертификатымен шығарылған өнімдерге сұраныстың өсіп келе жатқанын атап өтті.