Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Ұрылар инспектордың қырағылығының арқасында ұсталды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО Айыртау ауданының полиция қызметкерлері салынып жатқан үйден ұрланған құрылыс заттарын ұрлаушыларды анықтап, мүліктің бір бөлігін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұрылар инспектордың қырағылығының арқасында ұсталды

Ұрлық туралы полицияға шағым түспеген. Тек Арықбалық ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Абылайхан Рамазановтың қырағы көзі салынып жатқан үйдің терезесі ашық тұрғанын көріп, иесіне хабарласқан. Сөйтсе, шынында ұрлық болып, 10 алюминий жылу батареясының қопарылып алынып, жоғалғаны анықталған. Келтірілген шығынның сомасы 500 мың теңгені құрады.

Жедел уәкілдер ұрлықты жасаған 20 және 22 жастағы жергілікті екі тұрғын екенін де тапты. Олардың біреуі бұрын осы құрылыста жұмыс істеген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты міндетті келу туралы мәжбүрлеу шарасы тағайындалды. Ұрланған зат алынды және тергеу әрекеттері аяқталған соң заңды иесіне қайтарылады.