Руханият • 17 Ақпан, 2021

Ашаршылықты эмоциясыз, ғылыми феномен ретінде зерттеу қажет

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: Ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстелде Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл пікір білдірді.

Ашаршылықты эмоциясыз, ғылыми феномен ретінде зерттеу қажет

«Әрине, қазақ халқы үшін, қазақ жерін мекендеген басқа этнос өкілдері үшін ашаршылық үлкен трагедия болды. Бірақ мәселені объективті тұрғыдан зерттеу үшін эмоцияны қалдырып, ашаршылықты ғылыми феномен ретінде зерттеу қажет», - деді ғалым.

Еркін Әбіл ашаршылық ақиқаты туралы нақты деректерге негізделген ғылыми және ғылыми-көпшілік материалдардың жарық көргені жөн екенін тілге тиек етті. Сонда ғана келешек ұрпақ Тәуелсіздіктің біздің халыққа оңай жетпегенін, сол жолда қаншама халықтың шейіт болғанын сезінер еді деді тарихшы-ғалым.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, өз кезегінде, ашаршылық тақырыбын көтеру – қастерлі Тәуелсіздігімізді нығайту, төл тарихымызды және оның шешуші кезеңдерін терең тану, тарихтан тағылым алу үшін керек екенін жеткізді.