Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

Су басуы мүмкін 500-ге жуық үйдің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді

210 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Cу басудың алдын-алуда  елді-мекендердің 17 көшесінде 500-ге жуық үйдің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұханов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су басуы мүмкін 500-ге жуық үйдің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді

Оның айтуынша, Маңғыстау облысының аумағында климаттық жағдайларға байланысты көктем кезінде су тасқыны болуының қаупі төмен. Десе де өңір тұрғындарының көктемгі кезеңдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірқатар жұмыс жүргізіп жатыр. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары жасақталып, оны облыс әкімінің орынбасары бекітті.

Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін 244 тоннадан астам инертті материал, 2570 құм салынған қап қоры дайындалды. Облыс бойынша барлығы 1336 су өткізу құрылысы бар (оның ішінде 783-автожолдарда, 553-темір жолдарда). Қазіргі таңда тиісті мердігер мекемелер су өткізу құрылыстарына тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Сондай-ақ көктемгі су тасқынынан туындаған төтенше жағдайлар қаупін азайту мақсатында 20 ақпан мен 20 наурыз аралығындағы кезеңде су тасқыны бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Жалпы су тасқыны авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге 277 адам, 40 техника, 42 мотопомпа және 14 жүзу құралдары дайын. Жергілікті бюджет есебінен 5440 м. дренаж жүйесінің құрылысы жүзеге асырылды, оның ішінде Басқұдық ауылында-724 м, Атамекен ауылында-4716 м. Әрқайсысы өнімділігі 40 м3 болатын 4 құдық және 6 сорғы қондырғысы орнатылды. Жиналған сулар Басқұдық ауылынан су айдау насосы арқылы Қошқар ата көліне, Атамекен ауылынан Заозерный елді мекенінің жанындағы «Оймашы» көліне жіберіледі. Қазіргі уақытта жұмыстың барлығы су басудың негізгі учаскелерінде жүргізілді», - деді Мұрат Мұханов.

2021 жылдың қаңтар айында ведомстволық бағынысты бөлімшелермен 3 адамды құтқарылды (2020ж. – 0, +100%.), 9 адам эвакуацияланды (2020ж. – 14,                 -35,7%), 1 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді (2020ж. – 6, -6е.).

Облыс аумағында 19 өрт тіркелді (қаңтар айы бойынша) (2020 - 18).

Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 122 (2020ж.-130,  -6,2%) шығу жүзеге асырылды, оның ішінде:

- 111 тұрмыстық сипатта;

- 7 авариялық-құтқару жұмыстары;

- 0 іздестіру-құтқару жұмыстары;

- 4 жол-көлік оқиғасы.

● 2021 жылдың 1 айында 24 ТЖ тіркелді (2020ж. – 26, -7,7%).

Аулаларды аралау және БАҚ-та сөз сөйлеу арқылы халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуға ерекше назар аударылды.

 2020 жылғы қаңтар айында тұрғын үй секторында 16 мыңнан астам адамды (16 670) қамти отырып, 3 мың 479 аула аралау жүргізілді және ЖПҚ өкілдерімен БАҚ-ты тарта отырып, автокөліктерде 2 рейд жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Азаматтық қорғаныс саласы бойынша

«Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау туралы»

Профилактикалық бақылау жүргізу кестесіне сәйкес азаматтық қорғаныс саласындағы субъектіге (объектіге) бару арқылы жоспарланған 41 (2020 -54) субъектінің 17 профилактикалық бақылау өткізілді (2020 - 0).

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша барлық 17 профилактикалық бақылау бойынша ұйғарым берілді, онда бұзушылықтардың жиынтық саны – 160, оның ішінде өрескел – 127 (82%), Елеулі – 22 (18%)

«Азаматтық қорғау саласындағы халықты даярлау туралы»

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау саласында оқу үшін, тыңдаушылар тобының санаттарын жинақтау жоспарында 2021 жылдың І жартыжылдығына облыстық курстарда 107 адам оқытылды, жоспар бойынша – 54, бұл жоспарланғаннан 2 есе көп (2020 жылы-57, жоспар бойынша-66). Департаментте тыңдаушылардың келуіне байланысты оқытуды өткізуге тыйым салынуына байланысты, қазіргі уақытта оларды қашықтықтан оқыту арқылы даярлау практикасы жүргізілуде.

1012 мың оқушыны қамти отырып, 8 интерактивті сабақ өткізілді, бұл өткен жылға сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43% - ға аз (2020-14, 2200 оқушыны қамти отырып).

Төтенше жағдайларындағы іс-әрекеттер бойынша 4 ақпараттық-анықтамалық стенд ресімделді (2020-5, -20%), 6 үгіт материалдары шығарылып  таратылды (2020-4, +33%), таралымы 5 мың (5505) данадан астам (2020-13 163, -58%).