Спорт • 19 Ақпан, 2021

Матч елордада өтеді

8 рет көрсетілді

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чем­пионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Беларусь арасындағы үшінші тур ойыны Нұр-Сұлтан қала­сындағы Жақсылық Үшкемпіров атын­дағы «Жекпе-жек» спорт ке­ше­нінде өтеді.

Топтық кезеңнің екінші тур матчын жерлестеріміз 28 қаңтарда сырт алаңда Израиль құрамасымен өткізуі керек еді. Алайда Израильде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық рейстердің жабылуына байланысты кейінге қалдырылған болатын. Еуропа футбол одағы қауымдастығы (УЕФА) екі құрама арасындағы ойынның мерзімін кейінге шегерді.

Ал үшінші турға жоспарланған Қазақ­стан мен Беларусь матчы 2 наурызда елордада өткізіледі. Бір қызығы, екі құрама наурыз айында екі рет алаңда жолығады. Минск қаласында өтетін екінші кездесу 8 наурызға жоспарланған. Екі ойынды да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Рикарду Кака жаттықтыратын біздің құра­маның оқу-жаттығу жиыны 25 ақпанда басталады.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар