Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен бір жылда 240 ауылға барған

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бір жыл ішінде жүзден астам жұмыс сапарына шығып, жалпы 240 елді мекенді аралаған. Соның ішінде 657 нысанның қызметімен танысқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен бір жылда 240 ауылға барған

Бердібек Сапарбаев халықпен есеп беру кездесуінде айтып өткендей, а талған жұмыс сапарлары барысында жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізілді, олардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ел Президентінің тапсырмасына сәйкес халықпен тиімді кері байланыс орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса тоқталды. Мәселен, ағымдағы жылдың 18 қаңтарынан бастап облыстағы барлық деңгейдегі әкімдердің 378 есеп беру кездесуі өткен. Оларда жалпы 29,6 мың тұрғын қамтылған. Облыс әкімі ауылдық округтер мен аудан әкімдерінің 14 есебіне қатысты. Халықпен жүздесулерде өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар әкімдердің жұмысын объективті түрде бағалауға мүмкіндік алды.

«Тұрғындардың біздің жұмысымызға беретін бағасы аса маңызды. Алға қойылған міндеттерді орындай алмаған әкімдер жауапкершілікке тартылады. Мәселен, Бектөбе ауылының тұрғындары есеп беру кездесуінде Қаратөбе ауылдық округі әкімінің жұмысын сынға алған болатын. Нәтижесінде ол қызметінен босатылды», деді Б.Сапарбаев.